Иран Сыртқы істер министрі Доха отырысында сөз сөйледі
Иран Сыртқы істер министрі Зариф: «Бүгінде аймақ елдері арасындағы күш-қуат теңсіздігі дағдарыстың тууына себеп болды», - деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф кеше жексенбі күні «Доха диалогы» отырысында сөз сөйлеп: «Қазіргі таңда аймақтағы кейбір ойыншылар теңсіздікті аймақта үстемдікке жетуге берілген мұрсат санап отыр. Сауд Арабиясының Катарды қоршауға алуы мен Йемендегі соғысы – аймақтағы осындай қате есептеулердің апатты үлгілері»,‑деді.
Иран Сыртқы істер министрі өз елінің БҰҰ Бас ассамблеясына ұсынған «Ормуз бейбітшілігі» жобасына тоқталып: «Бұл бастама барша үшін кеме қатынасының еркіндігі мен қуат көздерінің қауіпсіздігін сақтауда аймақ пен әлемнің ортақ әрі өміршең мүдделеріне қатысты теорияға негізделген»,‑деді.
Зариф қару‑жарақ саудасы туралы: «2014-2018 жылдар аралығындағы әлемдегі қару‑жарақ импортының төрттен біріне жуығы Парсы шығанағы маңындағы елдерге тиесілі. Бұл арада АҚШ қару‑жарақты ең көп сатқан ел саналады»,‑деді.