Рабии: АҚШ-тың дыбыссыз соғысы ирандықтардың тұрмысын нысанаға алып отыр
Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Рабии АҚШ-тың Иран халқына қарсы әділетсіз санкцияларына тоқталып, АҚШ-тың дыбыссыз соғысының Иран қоғамының барлық таптарының тұрмысын нысанаға алғанын қуаттады.
Али Рабии кеше дүйсенбі күнгі баспасөз отырысында АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучинның санкциялардың соғыстың орнына қолданылуы жөніндегі сөздеріне реакция білдіріп: «АҚШ соғыстың орнына санкцияларды пайдаланып, қаржы, дәрі-дәрмек және азық-түлік салаларынан қысым көрсетіп, халықты нысанаға алып отыр. АҚШ-тың қысымдары мен санкциялары әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қоқан-лоққы көрсетіп отыр. Америкалықтар қоқан-лоққыларын іске асыратын болса Иранның қатаң жауабымен бетпе бет келеді»,- деді.