Иран президенті: Бірқалыптылықтың негізі ой мен пікірде
(last modified Sun, 07 Feb 2016 16:17:03 GMT )
Ақп 07, 2016 22:17 Asia/Almaty
  • Иран президенті: Бірқалыптылықтың негізі ой мен пікірде

ИИР президенті бірқалыптылықтың негізін ой мен пікір деп атады

Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА- ның хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда өткен «Бірқалыптылық» ұлттық форумында баяндама жасап, бірқалыптылықтың сайлау қарсаңындағы ұран емес, дискурс екенін қуаттап, бүгінгі қоғамның мәселесін әсірешілдік және әсірешілдер деп атады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің төрағасы аймақтағы қақтығыстар мен қырғынды ой-пікірден басталатын қатыгездіктен туындап отыр деп сараптап: «Әсірешілдік жұдырық пен қолшоқпардан басталмайды, мидан басталады. Кейбіреулер әсірешіл ой-пікірге ие. Өкінішке орай, кейде солар діннің атымен әсірешіл ойланып, дінді әсірешілдік деп көрсетеді.

Әлемдегі бүгінгі қиыншылықтардың үлкен бөлімі әсірешілдіктің салдары. Әсірешілдік пен қатыгездік аймақта да халықтың басына төнген пәле болып отыр» деді.

ИИР президенті сондай-ақ сайлауға қатысудың ерлермен бірге қоғамдағы әйелдердің де міндеті болып табылатынын қуаттап: «Ислам революциясы барысында, қасиетті қорғаныста, 22-ші баһман шеруіне қатысуда, ислам революциясы жеңісінің жылдығы барысы мен барлық жерге әйелдер көзге түсерліктей әсерлі де белсенді түрде қатысты. Алдағы сайлау күні де солай болады» деді.