9 дей – адамзат тарихындағы маңызды оқиға
(last modified Fri, 27 Dec 2019 15:36:17 GMT )
Жел 27, 2019 21:36 Asia/Almaty
  • 9 дей – адамзат тарихындағы маңызды оқиға

Теһран жұма намазының имамы хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1388 жылдың 9 дей күнін (2009 ж. 30 желтоқсан) адамзат тарихындағы маңызды күн деп атады.

1388 жылдың 9 дей күні  (2009 ж. 30 желтоқсан) Иранның миллиондаған халқының қоғам тәртібін бұзушылардан бөлек екендерін жариялау және бүлікшілерге жауап беруге үшін шыққан шеруін еске салады. Теһран жұма намазының имамы Казем Седиқи сол кезде үстемшілердің ИИР жүйесіне соққы беру үшін ешбір қастықтан бас тартпағанын еске салып: «Тынышсыздық тудыру, қоғамдық тәртіпті бұзу мен зорлық-зомбылық бүлікшілердің әрекеттері болды. Бірақ Иран халқы қырағылығымен дұшпанның қастандықтарын залалсыздандырды»,- деді. Теһран жұма намазының имамы сондай-ақ дұшпанның үнемі бүлік тудыруды көздейтініне тоқталып: «Дұшпандар Иран халқын тәуелсіздігі, тұрақтылығы мен ілгерілеуінен айыру үшін кез келген мұрсатты пайдаланып жатыр»,- деді.