Велаяти: Иран дұшпандардың аймақ елдерін бөлу мақсатындағы қаскөй жоспарымен қарсыласады
(last modified Sat, 28 Dec 2019 11:38:31 GMT )
Жел 28, 2019 17:38 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иран дұшпандардың аймақ елдерін бөлу мақсатындағы қаскөй жоспарымен қарсыласады

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Велаяти: "ИИР аймақ елдеріне шетелдік араласушылыққа қарсы. Иран аймақ елдерін әлсіретіп, бөлу мақсатындағы дұшпандардың зұлымдықтары мен қастандықтары, басқыншылықтары мен жоспарларына қарсы тұрып, күреседі", - деді.

Әли Акбар Велаяти сенбі күні Теһранда Сирия тайпалары мен көшпенділерінің басшылары мен шейхтері тобымен кездесуде оларды Сириядағы қарсыласудың бағандары деп атап: " Сирияда әскерилерін мұнайды пайдалану үшін орналастырғанын тура мәлімдеп отырған Америка президентінің ақылсыз ұстанымдары заңсыз, көпе-көрінеу ұрлық, халықаралық заңдарға қайшы. Сирия халқы мен үкіметі жақында Алеппоны ДАИШ лаңкестерінің басқыншылығынан азат етіп, Евфраттың шығысына қол жеткізеді. Егер Сирия Конституциясына өзгеріс енгізілсе, бұл іс тек Сирия халқы арқылы ғана ешбір елдің араласуынсыз жүзеге асырылады", - деді. 

 

Тегтер