Франция СІМ-нің ирандық азамат туралы мәлімдемесі ішкі іске араласушылық сипатқа ие
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Мусави Франция СІМ-нің ирандық азамат туралы мәлімдемесін ішкі іске араласушылық деп атады.
Сейіт Аббас Мусави жексенбі күні Франция СІМ-нің Париждегі Иран елшісін СІМ-не шақыртуы және мәлімдеме жасауы туралы сұраққа жауабында: "Сөз болып отырған адам Фариба Аделхаһ – Иран азаматы. Ол "тыңшылық жасады" деген айыппен қамауға алынды. Бұл ирандық азаматтың адвокаты істің егжей-тегжейінен хабардар. Оның ісі сотта қарастырылып жатыр",-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы, сондай-ақ, бір француз азаматының "ұлттық қауіпсіздікке қарсы келісіп, жиын өткізді" деген айыппен қамауда жатқанын айтып: "Ол бірнеше рет өз елінің консулымен кездесті. Оның адвокаты оған тағылған айыптардан хабардар және Иранның сот органы басшыларымен байланыста",-деді.