Лариджани: Сирияда дағдарыс кезеңі аяқталды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Сирияның дағдарыс кезеңінен өтіп, қалпына келтіру кезеңіне аяқ басқанын айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, Әли Лариджани Теһранда Сирия көшпенді тайпаларының басшыларымен кездесуінде Сирия халқы тарапынан осы елдің конституциясы дайындалуының маңыздылығына тоқталып: "Сирия халқына көтеріліс қажет емес. Олар сыртқы күштердің қысымынсыз елдің Конституциясын жазып, бекітуі керек",-деді.
Лариджани аймақтағы кейбір елдердің Сирия үкіметінің қысқа уақытта құлайтынын айтқанын еске салып: "Сирия дұшпандардың қатерлі қастандығын жеңді.
АҚШ Президенті Дональд Трамптың Сирия туралы сөздері олардың тек бұл елдің мұнайына қол жеткізуді көздегенін көрсетеді",-деп қуаттады.
Сирияның кейбір көшпенді тайпаларының басшылары да Иранның лаңкестікпен күресте Сирияны қолдағанына алғыс айтып: "Сирияның дағдарысты күндері Иранның сындарлы рөлі аса маңызды болды",-деді.