9 дей ерлігі – үмбеттің велаятқа адалдығы мен қырағылығы күні құтты болсын!
Бүгін дүйсенбі 30 желтоқсан Иранның ержүрек халқының х.ш.ж.с.б. 1388 жылы 9 дейде болған шеруге салтанатты түрде қатысқан күннің жылдығы. Бұл шеру Ислам революциясы тарихында бетбұрыс нүктесі әрі Иран халқы мақтаныштарының тағы бір алтын парағы саналады.
9 дей ерлігі – халықтың қырағылығы, тәуелсіздігі мен абырой-айбынының символы. Халық исламның принциптерін сақтап, революцияның арман-мақсаттарын орындау үшін қасық қаны қалғанша күресіп, егер дұшпан олардың дініне қарсы шықса, олардың бүкіл дүниесіне қарсы тұратынын бар дауысымен мәлімдеді.
9 дей – Алла армиясының шайтан армиясын жеңген күні, Иран халқының бас көтеріп, шетелдіктерге бағынышты жалдамалылар мен адасқандардың имам Хусейннің (ғ.) Ашура күні қасиеттіліктерге тіл тигізуіне ашу-ыза білдірген күні.
Х.ш.ж.с.б. 1388 жылдың дей айының 9 жұлдызы (2009 жылдың 30 желтоқсаны) Иран халқының қоғамда бүлік шығарушыларды әшкерелеп, іріткі салушыларға кесімді жауап берген миллиондық шеруін еске салады. Арандатушылар ИИР президенттік сайлауының оныншы кезеңінде заңбұзушылық болғанын сылтауратып, қате жолға түсті.