Мусави: АҚШ-тың Ирак күштеріне шабуылы – лаңкестіктің айқын үлгісі
(last modified Mon, 30 Dec 2019 14:56:33 GMT )
Жел 30, 2019 20:56 Asia/Almaty
  • Мусави: АҚШ-тың Ирак күштеріне шабуылы – лаңкестіктің айқын үлгісі

ИИР СІМ ақпарат хатшысы АҚШ әскерилерінің Ирак жеріне басып кіріп, "Хашд әш-Шааби" халықтық күштерінің позицияларына шабуыл жасауын лаңкестіктің айқын үлгісі деп атап: "АҚШ аймақтағы басқыншылық әрекеттерін доғаруы керек",-деді.

Сейіт Аббас Мусави дүйсенбі күні АҚШ-тың ирактық күштердің позицияларына шабуылын айыптап: "АҚШ Ирактың тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы мен егемендігіне құрмет көрсетіп, осы елдің ішкі ісіне араласуды тоқтатуы керек",-деп қуаттады.

Мусави, сондай-ақ, АҚШ-тың лаңкестікпен күрес туралы уәждерінің өтірік екенін айтып: "АҚШ өткен жылдары ДАИШ лаңкестеріне ауыр соққы берген ирактық күштерді нысанаға алды",-деді.  

Мусави шетелдік күштердің аймақта болуын тынышсыздық, текетірестер мен дағдарыстардың себебі деп атап: "АҚШ осы шабуылдар арқылы лаңкестерді кесімді түрде қолдайтынын, елдердің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына көңіл аудармайтынын көрсетті, сондықтан осындай заңсыз әрекеттердің салдарынан туындайтын жауапкершілікті қабылдауы керек",-деді.