Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: Исламдық Иран құдірет пен айбынның шарықтау шегінде
https://itolqyn.com/news/iran-i44920-Сақшылар_корпусының_бас_қолбасшысы_Исламдық_Иран_құдірет_пен_айбынның_шарықтау_шегінде
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы АҚШ-тың Иран халқына қарсы зұлым санкцияларына тоқталып: "Бүгінде исламдық Иран құдірет пен айбынның шарықтау шегінде",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 02, 2020 18:51 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: Исламдық Иран құдірет пен айбынның шарықтау шегінде

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы АҚШ-тың Иран халқына қарсы зұлым санкцияларына тоқталып: "Бүгінде исламдық Иран құдірет пен айбынның шарықтау шегінде",-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің бейсенбі күні хабарлауынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хусейн Салами Иранның оңтүстік-батысындағы Ахвазда "Қауіпсіздік пен қызмет қарауылдары" форумында: "Иран халықтың қырағылығы арқасында және Ислам революциясы жетекшісінің нұсқауымен қоқан-лоққыны мүмкіндікке айналдырды",-деді.

Генерал-майор Салами, сондай-ақ, Ирактағы соңғы өзгерістерге тоқталып: "Дұшпандар Иракта сәтсіздікке ұшырайды. Сәтсіздіктің себебін Иранға жабады. Ал исламдық Иран ешбір елдің ішкі ісіне араласпайтынын мәлімдеп отыр",-деді.