Қажы Солеймани Алла жолында және міндетін орындаған кезде ешкім мен ешнәрседен қорыққан жоқ
(last modified Fri, 03 Jan 2020 19:24:35 GMT )
Қаң 04, 2020 01:24 Asia/Almaty
  • Қажы Солеймани Алла жолында және міндетін орындаған кезде ешкім мен ешнәрседен қорыққан жоқ

Ислам революциясының жетекшісі шәһид Солейманидің ықыласы мен жанкештілігіне тоқталып: «Қажы Ғасем сан рет шәһид болатын жағдаймен бетпе-бет келді. Ол Алла жолында және өз міндетін орындаған кезде ешкім мен еш нәрседен қорыққан жоқ»,- деді.

 

Аятолла Хаменеи бүгін, жұма кешке шәһид болған сардар Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Қасым Сулейманидің үйіне барып, шәһидтің отбасымен кездесіп, көңіл айтты. Ислам революциясының жетекшісі сардар Сулейманидің сұм адамдар, яғни америкалықтардың қолынан қаза тапқанын және олардың бұл қылмысты мақтан тұтуларын бұл ержүрек шәһид үшін биік мәртебе деп тауып: «Оның жиһады үлкен жиһад және Алла Тағала оның шәһид болуын жоғары бағалайды. Бұл үлкен нығметке қажы Қасым лайық болды. Қажы Қасем осылай шәһид болуы керек еді»,- деп қосты. Аятолла Хаменеи шәһидтің отбасы мен Иран халқына сабыр сақтауды тілеп: «Бүгін елдің әртүрлі қалалары халқының жаппай көшелерге шыққандарының куәсі болдық. Шәһидті жерлеу рәсімін де көресіздер, шәһид болудын құндылығын көрсету үшін бұл нығметтер біздің көзіміздің алдымызда»,- деп сөзін жалғады. Ислам революциясының жетекшісі сыртқы жиһадтың ұлы жиһад, яғни ішкі жиһадқа сүйенетінін қуаттап, шәһидтің қызына: "Бүкіл халық әкеңізді қадірлеп,  аза тұтуда. Бұл қадірлеу бұл ердің болмысындағы үлкен ықыласына байланысты. Өйткені жүректер Алланың қолында және ықылас болмағанда, халық мұндай аза тұтпайтын еді»,- деді.