Сардар Солейманиді қастандықпен өлтіру – АҚШ-тың аймақтағы құзыры аяқталуының бастамасы
(last modified Sun, 05 Jan 2020 12:08:40 GMT )
Қаң 05, 2020 18:08 Asia/Almaty
  • Сардар Солейманиді қастандықпен өлтіру – АҚШ-тың аймақтағы құзыры аяқталуының бастамасы

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Салами сардар Ғасем Солейманиді АҚШ-тың стратегиялық жеңілістерінің сәулетшісі деп атап: "Сардар Солейманиді қастандықпен өлтіру – АҚШ-тың аймақтағы құзыры аяқталуының бастамасы",-деп қуаттады.

Генерал-майор Хосейн Салами АҚШ-тың Бағдадтағы лаңкестік әрекетінде Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани шәһид болғаннан кейін сенбі күні ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Шәксіз, Ислам революциясының Сақшылар корпусы АҚШ-тан қатты кек алады.

Сардар Солейманидің кең географиялық аумақта жүргізген сызықтары мен қалыптастырған құдіреті АҚШ құрған ДАИШ лаңкестік-тәкфирлік тобы майданын жеңіліске ұшыратып, бұл саясатты тоқтатты,-деді.

Генерал-майор Салами АҚШ-тың одақтастарына ислам үмбетінің дұшпандары ретінде ескерту жасап: "Жасырын қастандықтар мен қатынастарыңызды қайта қарастырыңыздар. Абай болыңыздар, АҚШ саясаттарының құрбаны болып кетпеңіздер, америкалықтардың саясаты мен стратегиясының шығындарын төлемеңіздер",-деді.