Трамптың жауластық сөздерінен кейін АҚШ мүдделерін қорғаушы Иран СІМ-не шақыртылды
(last modified Sun, 05 Jan 2020 13:25:37 GMT )
Қаң 05, 2020 19:25 Asia/Almaty
  • Трамптың жауластық сөздерінен кейін АҚШ мүдделерін қорғаушы Иран СІМ-не шақыртылды

Швейцарияның Ирандағы елшісі АҚШ мүдделерін қорғаушы ретінде АҚШ Президентінің Иранға қарсы жауластық сөздерінен кейін ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары тарапынан шақыртылып, оған Теһран үкіметінің наразылығы жеткізілді.

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары сейіт Аббас Арақчи жексенбі күні АҚШ Президентінің Иранның мәдени орталықтарына шабуыл жасау туралы қоқан-лоққысына тоқталып, Швейцарияның Ирандағы елшісіне: "АҚШ Президентінің қалыптан тыс қоқан-лоққыға толы жауластық сөздерін мүлде қабылдауға болмайды. Бұл халықаралық заңдарды толық бұзу болып табылады",-деді.

Швейцарияның Ирандағы елшісі Теһран үкіметінің наразылығын тез арада АҚШ үкіметі басшыларына жеткізетінін мәлімдеді.