Шәһид Солейманидің қызы: Әкем үстемшілдерді тыныш ұйқыдан айырды
(last modified Mon, 06 Jan 2020 08:58:57 GMT )
Қаң 06, 2020 14:58 Asia/Almaty
  • Шәһид Солейманидің қызы: Әкем үстемшілдерді тыныш ұйқыдан айырды

Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал Ғасем Солейманидің қызы: «Әкем барлық үстемшілдерді, залымдарды, тәкфиршілдерді тыныш ұйқыдан айырды. Қажы Ғасем Солейманидің есімі әлі де сионистер, тәкфиршілер мен үстемшіл жүйенің жанын түршіктіреді» деді.

Шәһид Ғасем Солейманидің қызы Зейнаб Солеймани дүйсенбі күні Теһран университетінде өткен әкесімен қоштасу рәсімінде генерал Ғасем Солейманидің ислам мен Иран дұшпандарымен күресте шәһид болуға құштар болғанын айтып: «Әкем дұшпандар есептесетін стратегиялық маңызды адамдардың бірі еді. Әкемнің соғыстар мен күрестерде шәһид болуға құштарлығы оны дұшпан шебіне ең жақын адамға айналдырды»,‑деді.

Зейнаб Солеймани АҚШ Президенті Дональд Трампқа: «Құмарпаз Трамптың Иран мен Ирак халықтары арасына ірікті салып, алшақтату мақсатындағы сұрқия ойыны стратегиялық қателікке ұрынып, екі ірі күрескердің қанына бөккенімен, Иран мен Ирак халықтарының тарихи байланысының нығаюына себеп болып, олардың АҚШ‑қа жиренішін тереңдете түсті»,‑деді.

Шәһид Солейманидің қызы Ирак Парламентінің кеше жексенбі күні АҚШ күштерінің осы елден шығуына дауыс бергенін айтып: «Батыс Азиядағы америкалық сарбаздардың жанұялары АҚШ‑тың Сирия, Ирак, Ливан, Ауғанстан, Йемен мен Палестинада абыройынан айырылғанына куә болып, балаларының өлімін тосып, күндерін өткізетін болады»,‑деді.