Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы барлық шектеуді жойды
ИИР үкіметі жексенбі күні кешке мәлімдеме жариялап, Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқартуына қатысты бесінші әрі соңғы қадамын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР үкіметі өз мәлімдемесінде: «Иран бұдан былай уран байыту көлемі мен пайызы, байытылған уранның мөлшері және зерттеу мен дамыту салаларында ешбір шектеусіз еркін әрекет ететін болады»,‑деп мәлім етті.
Соған сәйкес ИИР «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқартуға қатысты бесінші қадамда ең соңғы практикалық шектеу, яғни центрифугалардың санын шектеуді алып тастайды.
ИИР үкіметі: «Бұдан былай Иранның ядролық бағдарламасы тек техникалық қажеттіліктерге сәйкес ілгерілетіледі»,‑деп ескертті.
ИИР үкіметі мәлімдемеде Иранның АҚХА‑мен әріптестігін бұрынғыдай жалғастыра беретінін айтып: «Санкциялар жойылып, Иранның ядролық келісімдегі мүдделері сақталған жағдайда ИИР осы бағдарламадағы өз міндеттемелеріне қайта оралуға дайын»,‑деп баса айтты.