Аймақ бұдан былай америкалық әскерилер үшін қауіпсіз емес
Иранның бүкіл күштері бас қолбасшысының қорғаныс өнеркәсібі және Қарулы күштерді қолдау жөніндегі кеңесшісі генерал Ғасем Солейманиді АҚШ қастандықпен өлтіргеніне реакциясында: «Аймақ бұдан былай америкалық әскерилер үшін қауіпсіз емес», - деді.
Генерал‑майор Хосейн Деһқан al-Mayadeen ақпарат арнасына берген сұхбатында Иран реакциясының тежегіш сипатта екенін айтып: «АҚШ‑тың сардар Солейманиді қастандықпен өлтіру әрекеті осы ел әскерилерінің аймақтағы құзырын доғару деген мағынаны білдіреді»,‑деді.
Генерал‑майор Деһқан америкалықтардың әрекетін әскери және барлау тұрғысынан маңызсыз деп атап: «Сардар Солейманидің шәһид болуы қарсыласу қозғалысының жойылуы деген мағынаны білдірмейді, керісінше, бұл майдандағы жаңа серпілістің бастамасы болады»,‑деді.
Генерал‑майор Деһқан АҚШ‑тың кейбір жолдаулар арқылы Иранның жауап беруден бас тартуын сұрап жатқанына тоқталып: «ИИР АҚШ‑тың шабуылына тең жауап береді. Оның мезгілі мен мекенін Теһран анықтайды»,‑деді.