Рухани Трампқа еш уақытта Иран халқына қоқан-лоққы жасамауды ескертті
Қаң 07, 2020 15:48 Asia/Almaty
ИИР Президенті АҚШ Президентінің Ирандағы кейбір орталықтарды нысанаға алатыны жөніндегі қоқан-лоққысына реакция білдіріп, Twitter-дегі парақшасында: «Еш уақытта Иранның ұлы халқына қоқан-лоққы жасамаңдар»,- деп жазды.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хасан Рухани дүйсенбі күні кешкі твитінде Дональд Трампқа қаратып: «Иранды 52 орталығын, мәдени орталықтарын нысанаға алумен қорқытушылар 290 деген сан мен IR 655 рейсі жөнінде ойланғаны жөн»,- деп ескертті.
ИИР Президентінің твиті 1988 жылдың 3 шілдесіндегі АҚШ армиясының Парсы шығанағының кеңістігінде Иранның жолаушы тасымалдайтын IR 655 рейсін нысанаға алу апатында қаза тапқан 290 ирандық азаматқа назар аудартады.
Тегтер