Лариджани: Пентагонның бүкіл мүшесі мен олардың қарамағындағылар лаңкестер
Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің төрағасы: «Пентагонның бүкіл мүшесі мен қолбасшылары, оның қарамағандағы компаниялар мен ұйымдар, қолбасшылары мен сардар Ғасем Солейманидің шәһид болуына қатыстылар лаңкес саналады»,- деді.
Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің өкілдері сейсенбі күнгі ашық отырысында АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік ұйым деп жариялауына байланысты жобаға өзгеріс енгізу отырысында көпшілік дауыспен оны қабылдады.
Icana News агенттігінің мәліметінше, Әли Лариджани жобаның өзгертілуі жөнінде: «Батыс Азия аймағында орналасқан АҚШ күштері CENTCOM штабы мүшелерінің лаңкес аталуымен бірге осыдан кейін Пентагонның бүкіл мүшесі мен олардың қарамағындағылар лаңкес саналады»,- деді. Лариджани шәһид Ғасем Солейманидің аймақтағы қарсыласу қозғалысының негізі болғанына тоқталып: «Иран Ислам Кеңесі мәжілісі 2020 жылдың қаңтар айының 21-нен наурыз айының 19-на дейінгі екі айға 200 миллион еуроны аймақтағы қарсыласу міндетіне ие Сақшылар корпусы Құдс күштерін қолдау үшін бөлді»,- деді.