Сардар Салами: Қылмыскерлерді қатаң әрі өкіндіретін кек күтіп тұр
(last modified Tue, 07 Jan 2020 13:01:48 GMT )
Қаң 07, 2020 19:01 Asia/Almaty
  • Сардар Салами: Қылмыскерлерді қатаң әрі өкіндіретін кек күтіп тұр

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы: "ИИР Ислам революциясының Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Ғасем Солейманиді өлтіргендерден қатаң кек алады",- деді.

Sepah News агенттігінің мәліметінше, генерал-майор Хосейн Салами сейсенбі күні Керманда шәһид Ғасем Солейманимен қоштасу және сардардың мәйітін жерлеу рәсімінде АҚШ-тың сардар Солейманиді нысанаға алған лаңкестік әрекетінің аймақтағы әлемдік үстемшілердің орналасуын тоқтату үдерісінің басталуы болатынын қуаттады. Сардар Салами шәһид Солейманиді АҚШ қастандықтарының сәтсіздікке ұшырауының сәулетшісі ретінде еске алып: "Сардар Солеймани АҚШ-тың ислам үмбетінің қауіпсіздігін бұзу стратегиясын сәтсіздікке ұшыратып, сионистік дұшпандар мен америкалық қылмыскерлерге қарсыласу қозғалысын әлсіретуге рұқсат етпеді",- деді. Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы АҚШ-тың Палестина қозғалысына шабуыл жасау саясатының нәтижеге жетпегенін баяндап: "Сардар Солеймани Палестина қозғалысын жаңғыртты",- деді.