Қатаң кек алу басталды; Ирактағы АҚШ-тың Ейн әл-Асад базасы нысанаға алынды
(last modified Wed, 08 Jan 2020 04:22:16 GMT )
Қаң 08, 2020 10:22 Asia/Almaty

Ислам революциясының Сақшылар корпусы Ирактағы АҚШ-тың Ейн әл-Асад базасын нысанаға алып, америкалық қылмыскер лаңкестік күштерінің сардар Ғасем Солейманиге қарсы жасаған лаңкестік шабуылына қатаң жауап қайтарды.

 

ISNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ислам революциясының Сақшылар корпусы өз мәлімдемесінде: «Исламдық Иранның қайғыға батқан, үлкен халқы үшін уәдесін орындайтын уақыт келді. Алланың көмегімен бүгін сәрсенбі күні таңертең америкалық шапқыншы, қылмыскер, лаңкестік күштерінің әрекеттеріне жауап және Ислам революциясының Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы қажы сардар Ғасем Солеймани  мен басқа шәһидтер үшін кек алу әрекеті іске асырылды. Сақшылар корпусы «Моқаддас!» немесе «Уа, Заһра!» деген ұранмен ондаған «құрлық-құрлық» зымыран атып, Ирактағы АҚШ-тың лаңкестік армиясының Ейн әл-Асад базасын нысанаға алды»,- деп хабарлады. Ислам революциясының Сақшылар корпусы бұл үлкен жетістікпен ислам үмбеті мен исламдық Иранның жанкешті халқын құттықтады. Ислам революциясы Сақшылар корпусының мәлімдемесінде "үлкен шайтан" АҚШ-тың  үстемшіл режимінің кез келген әрекетіне қатаң әрі бұдан да күштірек жауап қайтарылатынын жариялады. Сондай-ақ бұл мәлімдемеде АҚШ-тың лаңкестік армиясының ықтиярына өз базаларын беретін Американың одақтас үкіметтеріне ескерту жасап: «ИИР-на қарсы дұшпандық жасайтын кез келген жер нысанаға алынады»,- деді.  Ислам революциясының Сақшылар корпусы сондай-ақ еш уақытта сионистік режимді АҚШ-тың қылмыскер режимінен бөлек санамайтынын баса айтып, АҚШ халқына: «Бұдан артық шығын көрмес үшін америкалық әскерилерді аймақтан еліне қайтарып, АҚШ-тың билік басындағы халыққа қарсы режимге деген күн сайынғы жиіркеніштің артуына байланысты бұл елдің әскерилерінің өмірлерінің қатерге тірелуіне рұқсат етпеңдер»,- деді.

 

Тегтер