Қаң 08, 2020 14:10 Asia/Almaty
  • Украинаның жолаушы тасымалдайтын ұшағы Теһранның маңында құлады

Украина әуе жолдарының жолаушы тасымалдайтын ұшағы Теһранның имам Хомейни атындағы әуежайында құлады.

Бір сағат кешігіп, имам Хомейни атындағы әуежайдан Киев бағытына қарай көтерілген Украинаның PS 752 ұшағы бүгін сәрсенбі таңертең Теһран облысының Паранд қаласының маңында құлады. Иранның Жедел қызмет ұйымының баспасөз хатшысы Моджтаба Халеди IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Киевке бет алған бұл ұшақтың бортында 167 жолаушы мен экипаждың 9 адамы болған. Олардың барлығы қаза тапты»,- деді.  

 

 

Тегтер