Хашд әш-Шаабидің басшысы ислам революциясының жетекшісі мен Иран халқына көңіл айтты
(last modified Thu, 09 Jan 2020 15:50:56 GMT )
Қаң 09, 2020 21:50 Asia/Almaty
  • Хашд әш-Шаабидің басшысы ислам революциясының жетекшісі мен Иран халқына көңіл айтты

Ирактың халықтық ерікті күштерінің басшысы Фалех әл-Файиаз генерал Ғасем Солейманидің шәһид болуына байланысты ислам революциясының жетекшісі мен Иран халқына көңіл айтты.

Ирактың Хашд аш-Шааби ерікті күштерінің басшығы бүгін бейсенбі күні ислам революциясының  жетекшісі аятолла Хаменеи мен Иранның әртүрлі таптарынан мыңдаған адамның қатысуымен имам Хомейнидің хосейниесінде өткен шәһид генерал Ғасем Солеймани мен майдандастарын еске алып, ұлықтау рәсімінде: «Бұл ғазиз жандардың пәк қаны Иракта төгілгені өте ауыр болды. Ирак халқы Ислам революциясы Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Ғасем Солейманидің шәһид болуына қайғырып, оның әрекеттерін қолдады", - деді.  ,  
Фалех әл-Файиаз сонымен қатар шәһид Әбу Маһди әл-Моһандесті де еске алып: «Шәһид Әбу Маһди шәһид Солейманимен лаңкестік соғыста бірге болып, Ирак халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Соңында да екеуі бірге көз жұмды», - деді.