Иран – Украина ұшағының апатын тексеруге жауапты
(last modified Fri, 10 Jan 2020 13:00:02 GMT )
Қаң 10, 2020 19:00 Asia/Almaty
  • Иран – Украина ұшағының апатын тексеруге жауапты

Иранның Авиация ұйымының басшысы Әли Абедзаде ИИР-ның Украинаның Boeing 737-800 жолаушы тасымалдайтын ұшағының Теһрандағы апатын тексеруге жауапты екенін қуаттады.

 

Әли Абедзаде бейсенбі күні телеарнадан сөйлеген сөзінде: «Иранның Boeing 737-800 ұшағының қара жәшігін тапсыруға қарсылығы жоқ. Америкалықтар мен Boeing компаниясы өткен бірнеше айда үлкен шығын көрді. Украиналық ұшақтың Теһранның әуе кеңістігіндегі апатының себебі техникалық ақау болды. Әрине Boeing компаниясының акцияларының құны төмендейді. Осыған орай әртүрлі қауесет тарап жатыр. Украиналық ұшақтың құлауының Иранның қорғаныс жүйелеріне қатысты болмағаны жөнінде көптеген дәлел бар. Көрген адамдар өрттің ұшақтың ішінде бір минутқа созылғанын айтады. Егер ұшаққа зымыран тиген болса, ол сол сәтте жарылып кететін еді»,- деді.

Иранның Авиация ұйымының басшысы апатқа ұшыраған ұшақтың айналасында зымыран қалдықтарының болғаны туралы хабардың шындыққа сай келмейтініне тоқталып: «Ұшақ жерге құлағындықтан жарылды»,- деп қуаттады.

Канада Премьер-министрі Джастин Трюдо мен кейбір америкалық басшылар мен шетелдік ақпарат құралдары бейсенбі күні украиналық жолаушы тасымалдайтын ұшақтың құлауы жөнінде: «Бұл ұшақты ирандық зымыран құлатуы ықтимал. Қасақана нысанаға алмаған болуы мүмкін»,- деді.