Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының имамы Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің шәһид қолбасшысының қауіпсіздік пен бейбітшілік орнатушы болғанын қуаттады.
Мұхаммад Джавад Хадж Әлиакбари Ислам революциясының Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Ғасем Солейманидің шәһид болуына тоқталып: «Иран, аймақ пен басқа исламдық елдердің кеңістігі өткен аптада илаһи тақуалық кеңістікке бөленді»,- деді. Хадж Әлиакбари сардар Солейманидің ерекшелігі илаһи тақуалық болғанын қуаттап: «Бұл сардар аймақты ДАИШ-тен тазартып, Батыс Азия аймағында қауіпсіздік орнатып, қарсыласу мәдениетін аймақ деңгейінде таратты. Сардар Солейманидің стратегиясы исламдық Иранның қауіпсіздігіне кепілдік болып, әлемдік қауіпсіздікті арттырды. Қауіпсіздік қарсыласу қозғалысының белсенділігінің нәтижесі болды. Сардар Солеймани ИИР іргетасын қалаушы имам Хомейнидің мүмін, батыл, терең ойға ие жастар тәрбиелеу мектебінен үлгі алып, қрасыласу мәдениетін тарататын және Исламның мәдениетін дамытатын ержүрек жастарды тәрбиеледі»,- деді.