Қаң 11, 2020 14:31 Asia/Almaty

ИИР Қарулы күштерінің Бас штабы жолаушы тасымалдайтын Украина ұшағының Теһран маңында құлауына қатысты мәлімдеме жасады.

Иран Қарулы күштерінің Бас штабы бүгін сенбі күні: «АҚШ Президенті мен әскери қолбасшыларының Иранның көптеген жерлерін нысанаға алу туралы қоқан-лоққы жасауы мен аймақтағы әуе кеңістігіндегі әрекеттердің артуына назар аударып, ИИР Қарулы күштері ықтималды қоқан-лоққыларға жауап қайтару үшін жоғары деңгейдегі дайындықта болды. Ирактағы америкалық лаңкестердің базаларын нысанаға алған Иранның зымырандық әрекеттерінен кейін олардың әскери ұшақтарының ұшуы артып, кейбір радарлардың беттерінде көптеген нысаналар байқалып, Иранның әуе-қорғаныс жүйесінің сезімталдығын арттырды. Мұндай сезімтал әрі дағдарысты жағдайда имам Хомейни әуежайынан Украинаның 752 рейсі көтеріліп, бұрылған кезде Сақшылар корпусы әскери орталығының біріне жақындап, биіктікте дұшпанның нысаны ретінде көрінеді. Осындай жағдайда адамның қателігінен аталмыш ұшақ нысанаға алынды»,- деп айтылды.

Иран Қарулы күштері Бас штабының мәлімдемесінде жақындарынан айырылып, қайғыға батқан отбасыларға көңіл айтып, орын алған адами қателік үшін кешірім сұрап, Иран Қарулы күштері деңгейінде мұндай қателердің қайталануының алдын алу үшін әрекеттер үдерісіне күрделі реформалар жүргізіп, оқиғаға кінәлі адамдарды Иран Қарулы күштерінің Ғарыш ұйымына жариялап, жүзеге асырылған қателіктердің заң жолымен қарастырылатынын қуаттады.

 

 

Тегтер