Иранның Жоғары соты украиналық ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты сот ісін тездетуді бұйырды
(last modified Sat, 11 Jan 2020 10:35:02 GMT )
Қаң 11, 2020 16:35 Asia/Almaty
  • Иранның Жоғары соты украиналық   ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты сот ісін тездетуді бұйырды

Иранның Жоғары соты өз бұйрығанда Ислам республикасы Қарулы күштерінің Әуе-ғарыш ұйымының басшысына украиналық ұшақтың құлау апатына қатысты құжат жинап, сот ісін тездетуді сұрады.

Иранның Жоғары соты Сейед Ибраһим Раиси сенбі күні көптеген ирандықтар мен кейбір басқа елдер азаматтарының қаза табуына соқтырған Теһран маңында орын алған украиналық ұшақ  апатына өкініш білдіріп, Иранның Қарулы күштері ұйымының басшысы Шукролла Баһрамиге жолдаған хатында: «Бұл оқиғаға қатысты құжаттарды жинау   және кінәлілерді анықтауға жауапты органдардан ақпарат алуды тездетіңіз»,- деп жазды.

Иранның Бас прокуроры Мұхаммад Джавад Монтазери Теһранның әскери прокурорына жазған хатында украиналық ұшақ құлауының себептері мен кінәлілерді анықтау керектігін баса айтты.