Екі орыс зерттеуші ислам дінін қабылдады
(last modified Sun, 12 Jan 2020 11:00:23 GMT )
Қаң 12, 2020 17:00 Asia/Almaty

Теһрандағы "Тәрбиәт-е модаррес" педагогикалық университетінің докторанты әрі зерттеуші Ники Таль Мәскеу университетінің театр режиссері мамандығы бойынша студенті, қалыңдығы Дарья Федоровамен бірге сенбі күні Теһранда "Тәрбиәт-е модаррес" университетінің ұстаздары, факультеттердің декандары және басқарма кеңесі мүшелерінің қатысуымен өткен рәсімде шаһадат сөзін айтып, ислам дінін қабылдады.

Ники Таль жуырда Теһрандағы "Тәрбиәт-е модаррес" педагогикалық университетінде өткен бір халықаралық конференцияға қатысып, содан соң зерттеу жұмыстарын жалғастыру мақсатында осы университетке қабылданды.

Ол ислам дінімен танысып, зерттегеннен кейін өз қалыңдығын да Теһранға шақырып, кеше, сенбі күні ислам дінін қабылдағаннан кейін университетте осы жаңа мұсылман жұптың неке қию рәсімі өтті.