Генерал Салами: Иран соңына дейін Сирия халқымен бірге болады
(last modified Tue, 14 Jan 2020 13:41:05 GMT )
Қаң 14, 2020 19:41 Asia/Almaty
  • Генерал Салами: Иран соңына дейін Сирия халқымен бірге болады

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы генерал Салами Иранның Сирияның территориялық тұтастығын өзінің территориялық тұтастығы сияқты құрметтейтініне тоқталып, Сириядан дұшпандар толық шықпағанша Ислам республикасының бұл елдің халқы мен үкіметінің қасында болатынын қуаттады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша сардар генерал-майор Хосейн Салами Сирия Премьер-министрі Имад Хамиспен Теһрандағы кездесуінде Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің шәһид болған қолбасшысы сардар Ғасем Солейманидің бүкіл ислам әлемінің азаматы болғанын еске салып: "Шәһид Солеймани АҚШ, сионистік режим мен олардың Батыс Азия аймағындағы одақтастарының сәтсіздіктерінің сәулетшісі болды",- деп баса айтты.

Имад Хамис та кездесуде америкалықтардың сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекетіне тоқталып: "Шәһид Солеймани мен майдандастарының пәк қаны аймақта қарсыласу мәдениетін тұрақты қалыптастырды",- деді.