Еуропалықтар қайшылықтарды шешу механизмін пайдалану әрекетінің салдарларын қабылдауға дайын болсын
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мусави Германия, Британия және Франция мемлекеттерінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы қайшылықтарды шешу механизмін пайдалану туралы мәлімдемесіне реакция білдіріп: «Егер еуропалықтар қайшылықтарды шешу үдерісін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясында пайдаланғысы келсе, оның салдарларын қабылдауға дайын болуы керек»,- деді.
Сейед Аббас Мусави сейсенбі күні еуропалық үш мемлекеттің қайшылықтарды шешу механизмді белсенді ету әрекетін дәрменсіздіктерінің белгісі деп атап: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы қайшылықтарды шешу үдерісін осыдан бір жыл бұрын бастады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының үйлеструші органына ресми хаттар жіберді. Процесс жағынан да, іс жүзінде де өзгеріс болған жоқ. Өткен бір жылда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының еуропалық мүшелері келісімдегі міндеттемелері мен АҚШ-тың аталмыш келісімнен ресми шығуынан кейін ортақ комиссияның отырыстарында берген уәделеріне қарамастан міндеттемелерін орындай алмады. Сондықтан Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 26 және 36-ші баптарына сай бес қадам жасап, ядролық келісімдегі міндеттемелерінің бір бөлігін қысқартты.