Рухани: Сардар Солеймани Иранның шекарашасы болды
(last modified Wed, 15 Jan 2020 12:38:07 GMT )
Қаң 15, 2020 18:38 Asia/Almaty
  • Рухани: Сардар Солеймани  Иранның шекарашасы болды

ИИР Президенті: «Сардар Ғасем Солеймани Иранның шекарашасы болды, бірақ еш уақытта ирандықтардың арасында шекара пайда болғанын қаламады»,- деді.


Хасан Рухани сәрсенбі күнгі үкімет отырысында Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысының шәһид болуына тоқталып: «Сардар Солейманидің шәһид болуы, Кермандағы бірқатар отандастарымыздың қаза табуы мен Украинаның жолаушы тасымалдайтын ұшағы апатында бірқатар дарынды азаматтарымыздың құрбан болуы баршамыздың жанына батып, халықты алаңдатты»,- деді. Иран Президенті сардар Солейманидің шәһид болуына әскери тұрғыдан кек алынып, Ирактағы АҚШ-тың Ейн әл-Асад әскери базасы Сақшылар корпусының зымырандарының нысанасына алынғанын қуаттап: «Аймақ халықтарының АҚШ-ты аймақтан шығару талпыныстары кек алудың келесі әрекеті. Украиналық ұшақтың апатқа ұшырауы  баршаға үлкен соққы болды. Адамдардың қайғы-қасіреті жауапкершілік пен адалдықты қабылдау арқылы шешіледі»,- деді. ИИР Президенті ядролық мәселе жөнінде: «Иранның бейбіт мақсатты ядролық жұмыстары Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бақылауымен жасалды. Сондықтан Иран ядролық қару шығарғысы келеді деген сөздер негізсіз»,- деп баса айтты.