Осы аптадағы Теһран жұма намазы Ислам революциясы жетекшісінің имаматтығымен өтеді
https://itolqyn.com/news/iran-i45112
Теһран жұма намазын ұйымдастыру штабы бір мәлімдемесінде: "Осы аптадағы Теһран жұма намазы Ислам революциясы жетекшісінің имаматтығымен өтеді",-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 16, 2020 17:41 Asia/Almaty

Теһран жұма намазын ұйымдастыру штабы бір мәлімдемесінде: "Осы аптадағы Теһран жұма намазы Ислам революциясы жетекшісінің имаматтығымен өтеді",-деп хабарлады.

Теһран жұма намазын ұйымдастыру штабының мәлімдемесінде: "Ислам революциясының жеңіске жеткен күнінің қарсаңында және революцияның екінші қадамында осы аптадағы жұма намазы хазірет аятолла Хаменеидің жетекшілігімен және қырағы революцияшыл халықтың қатысуымен имам Хомейни (р.) атындағы "Мосалла" кешенінде өтеді",-делінген.

Теһран жұма намазын ұйымдастыру штабы: "Исламдық Иранның мүмін халқы осы аптадағы жұма намазында өз тілеулестігі мен біртұтастығының тағы бір үлгісін көрсетеді",-деді.