Қаң 19, 2020 19:57 Asia/Almaty
  • Арақчи: Сардар Солейманиді өлтіру АҚШ-тың стратегиялық қателігі болды

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары: "Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты "Құдс" күштерінің қолбасшысы шәһид Касем Солейманиді өлтіру АҚШ-тың стратегиялық қателігі болды. Бұл Батыс Азия мен Парсы шығанағында үлкен бетбұрыс тудырды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Аббас Арақчи жексенбі күні Теһранда ИИР СІМ-нің халықаралық қатынастар факультетінде өткен шәһид сардар Касем Солейманиді өлтіру салдарының саяси-стратегиялық қырларын талқылауға арналған отырыста: "Сардар Солейманидің өлтірілуі қарсыласу қозғалысы стимулының артуына себеп болды. Сардардың шәһид болғанына қуанған адамдар бұл өлімнің қарсыласу қозғалысына одан ары стратегиялық қуат беретінін білсін",-деді.

Арақчи: "Сардар Солеймани өлтірілсе де, қарсыласу қозғалысы ештеңеден айырылған жоқ, керісінше бұл қозғалыстың арман-мақсаты, тіпті келіссөз жүргізу және басқару қуаты арта түсті",-деді.

Тегтер