Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі еуропалықтардың "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы әрекетіне жауап берді
"Еуропа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы қайшылықтарды шешу механизмін" пайдалануда әділетсіз қатынас көрсеткен жағдайда Иран АҚХА-мен әріптестік жасау туралы байсалды шешім қабылдайды".
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күнгі ашық отырыста осы ұсынысты баяндап, үш еуропалық елдің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы қайшылықтарды шешу механизмін пайдалануға шешім қабылдауын қатты сынады.
«Еуропа үштігі» Германия, Ұлыбритания мен Франция 14 қаңтарда Брюссельде мәлімдеме жариялап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы қайшылықтарды шешу механизмін іске қосты.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері жексенбі күнгі мәлімдемесінде: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы және АХҚА-мен әріптестік саласында шешімдер қабылданады. Сонда батыс елдеріне, соның ішінде келісімгер тараптарға ИИР-ның ядролық тақырыпта кесімді әрі революцияшыл шешімдерді қабылауда іркіліп қалмайтыны түсіндіріледі",-деді.
АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты шыққаннан кейін Иран бір жылдан аса уақыт бойы стратегиялық сабырлық танытып, бағдарламаның басқа тараптарына АҚШ әрекеті салдарларының орнын толтыруға мұрсат берді.
АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуы Иранға сауда, экономика мен шетелдік инвестиция салаларында заңсыз әрі антигуманистік санкциялардың қайта салынуына себеп болды. Бұл санкциялар тамақ, дәрі-дәрмек, фармацевтикалық өнімдер, тіпті Иранның ядролық қауіпсіздік жүйесіне де әсер етті.
Иран осы күнге дейін Еуропаның ұстанымынан оң нәтиже көрмеді. Олар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қадірсіз келісімге айналдырып, одан жаңа бір нәрсе күтеді. Еуропалықтар мәлімдеме жасаудың орнына көпжақты келісімді қорғау үшін өзінің тәуелсіз ерік-жігерге ие екенін дәлелдеуі керек.
Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттерін біртіндеп азайтуы еуропалықтарға жасалған шынайы ескерту болды. Иранның талаптарына көңіл аударылмаған жағдайда олар бұдан туындайтын шығындарды күтуі тиіс.
Осы тұрғыдан екі ықтималды күтуге болады. Біріншіден, Еуропа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы қайшылықтарды шешу механизмін іске қосу шешімін тоқтатады. Өйткені бұл механизм іске қосылған жағдайда Еуропаның ядролық келісімге қатысты барлық жоспарлары мен үміттері жойылады.
"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы тек халықаралық деңгейдегі келісім емес. Бұл келісім саяси тұрғыдан көпжақтылық тарихындағы бетбұрыс нүктесі және халықаралық жетістік саналады. Осы тұрғыдан ядролық келісімде қалған мүшелердің міндеттемелерін орындамауы көпжақтылыққа соққы беру әрі өткен бірнеше онжылдықтағы маңызды дипломатиялық жетістіктерді аяқ асты ету болып табылады.
Екінші ықтимал – "Қайшылықтарды шешу механизмін" іске қосу. Бұл жағдайда "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының тараптары, әсіресе Еуропа Иранның қарымта шараларының салдарларына жауапты болады.
Ислам Кеңесі Мәжілісінің кешегі мәлімдемесінде қуатталған Иранның АҚХА-мен әріптестік туралы көзқарасын қайта қарауын осы аяда бағалау керек.