Лариджани: АҚШ кез келген жолдан Иранға соққы бергісі келеді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы өткен 40 жылдағы АҚШ-тың Иранға қарсы қастандықтарына тоқталып, АҚШ-тың кез келген жол арқылы Иранға соққы бергісі келетінін қуаттады.
IRNA News агенттігінің мәліметінше, Әли Лариджани сәрсенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы жан-жақты механизмдерді пайдалануына тоқталып: "Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығы қазіргі деңгейге жетпеген",- деді. Лариджани АҚШ-тың Иран халқына қарсы дұшпандығы тек экономикалық салада ғана емес екенін қуаттап: "Америкалықтар Иран дамуының алдын алу үшін кез келген құрал мен жолды және қастықты пайдаланғанымен соңында сәтсіздікке ұшырайды",- деді. Лариджани сондай-ақ АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Ғасем Солейманиге қарсы қылмысына тоқталып: "Басқа елдің қонағы болған сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекетімен АҚШ державалық беделінен айрылды",- деді.