Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының имамы Ирактағы АҚШ-тың басқыншы армиясының базасына жасаған Иранның зымырандық шабуылының АҚШ-тың әскери құдыретін құлдыратқанын қуаттады.
Теһран жұма намазының имамы Сейед Мұхаммад-Хасан Абуторабифард Теһранның мұсылман және революцияшыл халқының діни жетекшісінің басшылығымен оқылған өткен аптаның жұма намазына жаппай қатысуына тоқталып: «Иран халқы Ислам революциясы жетекшісіне, имамның жоғары армандары мен шәһидтерге табандылығын тағы жариялады»,- деді. Абуторабифард Ирак халқының бүгінгі шеруге жаппай қатысып, АҚШ-тың елдегі орналасуына жиіркеніш білдіргеніне назар аудартып: «Ирактың батыл халқы бұл шеруімен «Алланың күндерінің» бірін тарихқа тіркеп, аймақтың мұсылман халықтарының қасында «АҚШ-қа – өлім!» деп ұрандатты»,- деді.