Иранның мәдени орталықтарын жою туралы қоқан-лоққы жасау – мәдени терроризмнің айқын дәлелі
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ Президентінің Иранның мәдени орталықтарын жою туралы қоқан-лоққы жасауын халықаралық мәдени терроризмнің айқын дәлелі деп атады.
Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні таңертең Теһранда Әлемдік мұра және халықтардың мәдени ескерткіштерін сақтау отырысында экстремизмнің түс, мазхаб пен нәсіл танымайтынын айтып: "Ең нашар үлгі – АҚШ-тың қазіргі Президентінің шаралары мен сөздері. Ол халықаралық құқықтар, ережелер мен негізгі принциптерді, соның ішінде қоқан-лоққы немесе зорлық жасамау принципін бұзумен қатар, Иран халқы мен оның мәдениетіне қоқан-лоққы жасады",-деді.
Зариф Дональд Трамп қоқан-лоққыларының ақымақтықтан туындаған жиреніш екенін айтып: "АҚШ Президенті Иран мен оның бай мәдениетіне ғана емес, бейбітшілік пен тұрақтылықты білдіретін кез келген мәдениет пен өркениетке жиренішпен қарайды",-деді.