Лариджани: «Ғасыр мәмілесі» – ислам елдері алауыздығының салдары
Қаң 28, 2020 18:32 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы палестиналықтарға қарсы «Ғасыр мәмілесі» жобасына тоқталып: «Бұл ойдан шығарылған жоба сионистік режим мен АҚШ-қа бұл қылмысты жасауға рұқсат еткен ислам елдері алауыздығының салдары»,- деп қуаттады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп бүгін сейсенбі күні «Ғасыр мәмілесі» жобасын жариялайтынын хабарлаған болатын.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани: «АҚШ «Ғасыр мәмілесі» жобасымен бүкіл мұсылмандарды кемсітіп, олар үшін үлкенірек бағдарлама дайындады. Америкалықтар өз әрекеттерінің салдарын тез көреді. Оның мысалының бірі Ирак халқының АҚШ-қа қарсы көтерілісі болды»,- деді.
Тегтер