Рухани: АҚШ-тың қысымдарына қарамастан Иран мен Ресей қарым-қатынасы артып келеді
ИИР Президенті Теһран-Мәскеу қарым-қатынасы дамып келе жатқанын айтып, Иран мен Ресейдің АҚШ-тың қысымдарына қарамастан қарым-қатынасын одан сайын кеңейтуді қалайтынын қуаттады.
Хасан Рухани дүйсенбі күні Думаның Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесуінде Иранның аймақ тұрақтылығын қалайтынын қуаттап: «Иран, Ресей және Қытай үшжақты қарым-қатынасы мен Оман теңізінде бірлескен әскери жаттығу өткізуі үш елдің қарым-қатынасын жақындатқысы келетінін білдіреді»,- деді.
Ресей Думасының Төрағасы да бұл кездесуде Иран мен Ресейдің жақсы қарым-қатынасын екі ел басшыларының шешімдерінің нәтижесі деп атап: «Ресей Думасы екі ел үкіметтерінің шешімдері іске асырылып, әртүрлі салалардағы Иран-Ресей қарым-қатынасының кеңейетініне сенімді»,- деді.