Мусави: Сауд режимі лаңкес Трамптың қылмысына ортақ
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд режимін АҚШ-тың лаңкес басшысының қылмысына ортақ деп атады.
Сейіт Аббас Мусави сейсенбі күні Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фарханның CNN телеарнасына берген сұхбатында айтқан сөзін сынап: "Сауд Арабиясы өзін ДАИШ пен басқа да лаңкестік топтардың өкіл әкесі санайтындықтан, АҚШ Президенті Дональд Трамп тарапынан қарсыласу қозғалысы қолбасшыларының өлтірілуі лаңкес тәрбиелейтін үкіметтер мен лаңкестік топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп ойлайды.
АҚШ армиясының басқа бір елдің территориясында, оның үстіне әскери емес әуежайында сол ел үкіметіне хабарласпастан, Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы күштерінің қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиге жасаған терроры Ирактың ішкі ережелеріне қайшы және халықаралық заңдар мен құқықтарға кереғар",-деді.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранға қарсы сөзінде АҚШ-тың генерал Ғасем Солейманиді өлтіргенін ақтап, оны заңды шара деп атады.