Камалванди: Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасы жалғасады
https://itolqyn.com/news/iran-i45322
Иран Атом ұйымының баспасөз хатшысы АҚШ-тың осы ұйымның басшысына санкция енгізуіне тоқталып, Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасының елдің қажеттіліктеріне сай жалғасатынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 31, 2020 18:00 Asia/Almaty
  • Камалванди: Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасы жалғасады

Иран Атом ұйымының баспасөз хатшысы АҚШ-тың осы ұйымның басшысына санкция енгізуіне тоқталып, Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасының елдің қажеттіліктеріне сай жалғасатынын қуаттады.

 

АҚШ Қаржы министрлігі АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық және заңсыз саясаттарының жалғасында бейсенбі күні ИИР Атом ұйымының басшысы Әлиакбар Салеһиді санкциялар тізіміне енгізді. Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Беһруз Камалванди бейсенбі кешке: «АҚШ-тың Иран Атом ұйымының басшысы Әлиакбар Салеһиге қарсы санкция салуы саяси ойын және үмітсіздігінің белгісі. Сондықтан бұл шешімнің ешбір құны жоқ.  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып,  келісімді бұзған АҚШ Иранның міндеттемелерін орындауы жөнінде пікір білдіретін жағдайда емес»,- деді.