12 баһманда "Фаджр" онкүндігінің басталуы – Ирандағы ұлттық бірліктің көрінісі
(last modified Sat, 01 Feb 2020 16:12:44 GMT )
Ақп 01, 2020 22:12 Asia/Almaty
  • 12 баһманда

Бүгін 12 баһманда, сәйкесінше 1 ақпан күні Ислам революциясының "Фаджр" онкүндігі басталды.

 

Осыдан 41 жыл бұрын хижри шамси күнтізбесі бойынша 1357 жылдың 12 баһманында, сәйкесінше 1979 жылдың 1 ақпанында 15 жыл отанынан алыста қуғында  жүрген имам Хомейни Иранға оралды. Халық жаппай қарсы алып, бұл күн Иранның заманауи тарихының ұмытылмас күніне айналды.

12 баһман Иран халқының үстемшіл режимге қарсы күресінің маңызды күні. 12 баһманнан кейінгі 10 күннің ішінде  Иран халқының революциясы шах режимі АҚШ-тың қолдауына ие болуына қарамастан жеңіске жетті. Имам Хомейни Иранға оралған кезде Меһрабад әуежайында: "Иран халқының жеңісінің негізгі себебі – бірлігі. Біз халықтың бүкіл таптарына бірліктің арқасында жеңіске жетуі үшін рақмет айтуымыз керек. Мұсылмандар, діни аз санды топтар, университеттер мен ғылыми діни оқу орындары, руханилер мен саяси топтар бірікті. Біз бірліктің жеңістің сыры екенін түсіндік, сондықтан одан айырылмаймыз",- деді.

Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығын тойлауға дайындалуда. АҚШ Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бастап үнемі революцияға қарсы қастықтарымен ИИР әлсіретіп, құлатуды көздеп келеді. Иран халқы таңылған соғыс кезіндегідей дұшпандардың қастықтарынан өтеді. АҚШ өткен жылдар бойы революцияға соққы беріп, Иран халқын бағындырғысы келді. Бұл тарихи ағымның маңызды үш факторына тоқталуға болады. Біріншісі, Иран халқының қастықтардың  алдында сабыр сақтауы мен табандылығы. Бұл ерекшелік үнемі дұшпандарды оқшаулап, қоқан-лоққыларды мұрсаттарға айналдырып, халықтың күш-қуатын нығайтты. Екінші факторы – дұшпандарды мақсаттарына жеткізбеген Ислам республикасының «жұмсақ» күші. Үшінші фактор – Иран халқының дұшпанды тануы. Иран халқы барлық кезеңде дұшпанды жақсы анықтап, еш уақытта оған өз мақсаттарына жетуге рұқсат етпейтінін көрсетті.  Бұл факторлар  АҚШ-тың бүкіл қастықтары мен санкцияларына қарамастан Ислам революциясы дамуының себептері болып, Иран халқының аймақ пен әлем деңгейіндегі ғиззаты мен күш-қуатының артуына әкелді. Негізінде Ислам революциясы мен соның нәтижесінде құрылған исламдық жүйе қиындықтарға қарамастан өткен 41 жылда күннен күнге нығайып, тамырын одан сайын жайып келеді.