Иранға 8 млн шетелдік турист келді
Ақп 09, 2020 21:16 Asia/Almaty
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрі өткен 10 айда елге 8 млн шетелдік турист келгенін хабарлады.
Әли Асқар Мунесан сенбі күні Иранның туризм индустриясындағы қазіргі үлесінің 11 млрд 700 млн доллар екенін айтып: "Жоспарланған бағдарламаларға сәйкес бұл сома айтарлықтай артатын болады",-деді.
Мунесан Қытайда коронавирус таралғаннан кейін шетелдік туристердің Иранға келуі азайғанына тоқталып: "Иранның туризм саласындағы ішкі әлеуеті жоғары болғандықтан, шетелдік туристердің азаюы бұл индустрияға аса зиян тигізбейді",-деді.
Иран – туристік тартымдылықтардың алуандығы тұрғысынан әлемдегі үздік 10 елдің бірі.
Тегтер