Иранның 5200 қаласы мен ауылында "22 бахман" шеруі өтеді
Иранның Исламдық үгіт-насихаттарды үйлестіру кеңесі басшысының орынбасары елдің 5200 қаласы мен ауылында "22 бахман" шеруі өтетінін хабарлады.
Носратулла Лутфи жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатында биылғы 22 бахман шеруінің "Ислам революциясы исламдық басқару, джиһад пен қарсыласу саясында қарқындап дамуда" деп аталғанын айтып: "Биылғы 22 бахман шеруі елдегі мың қала мен 4200 ауылда бір мезгілде өткізіледі",-деді.
Лутфи: "Иранның түкпір-түкпірінде 6 мың отандық және шетелдік тілші 22 бахман шеруі мен "Фаджр" онкүндігіне арналған бағдарламалар жайлы ақпарат тарататын болады",-деді.
Лутфи дүйсенбі күні кешке Иранның түкпір-түкпірінде "Аллаһу Акбар" ұраны айтылатынына тоқталып: "Бұл үндеумен бірге Теһран мен кейбір қалалардың көгінде нұршашу болады",-деді.