Діни үлгілер Иран халқын 22 бахман шеруіне жаппай қатысуға шақырды
Діни үлгілер Иран халқын Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығына арналған шеруге бар ынтамен қатысуға шақырды.
Шиіттік діни үлгілердің бірі аятолла Насыр Макарем Ширази жексенбі күні Құм қаласының орталық мешітінде берген фикһтен тыс дәрісінде халықтың 22 бахман шеруіне қатысуының дұшпандарды жеңіліске ұшырататынын айтып: "Дұшпандардың ИИР халқы мен жүйесіне қарсы қастандық ұйымдастырып жатқанына қырық жылдан асты, алайда олар ұдайы жеңілісі тауып келеді",-деді.
Шиіттік діни үлгілердің бірі аятолла Хұсейн Нури Хамадани халықты 22 бахман шеруіне жаппай қатысуға шақырып: "Исламдық Иран халқы биылғы 22 бахманда да өткен жылдардағыдай кең түрде қатысып, Ислам революциясын қолдайтындарын әлем елдеріне көрсетіп, исламның ұлылығын танытады",-деді.
Хазірет Абдулла Джавади Амоли мен сейіт Мұхаммедәли Алави Горгани да Иран халқын 22 бахман шеруіне есте қаларлықтай қатысуға шақырды.
Эксперттер кеңесі мәлімдеме жариялап, Иран халқын 22 бахман шеруіне ауқымды түрде қатысуға шақырды.