Зариф: Палестина мәселесі қарсыласу және палестиналықтардың дауысымен шешіледі
(last modified Tue, 18 Feb 2020 09:25:08 GMT )
Ақп 18, 2020 15:25 Asia/Almaty
  • Зариф: Палестина мәселесі қарсыласу және палестиналықтардың дауысымен шешіледі

Иран Сыртқы істер министрі палестиналықтарға қарсы «Ғасыр мәмілесі» жобасы нәтижеге жетпейтінін, сондай-ақ Палестина мәселесінің қарсыласу және палестиналықтардың дауысымен шешілетінін қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтау және тарату кеңсесіне берген сұхбатында: «Бүгін бүкіл палестиналық топтар бір ауыздан «Ғасыр мәмілесі» жобасына қарсылық білдірді. Палестинаның бұл ішкі бірлігі сионистердің саясаттарын залалсыздандыру үшін өте маңызды»,- деді. Зариф сионистердің палестиналықтарға қарсы қылмыстарының алдында араб үкіметтерінің үнсіз қалуын сынап: «Кейбір араб үкіметтер өткен жылдарда сионистік режим және АҚШ-пен қатынас орнатуыларымен шектелмей, Палестина исламдық еліне қарсы сионистер жағына шықты»,- деп қосты. Зариф кейбір араб мемлекеттерінің қауіпсіздікті АҚШ пен сионистік режимнен сатып алғылары келетіндеріне назар аудартып: «Бұл үкіметтер халқы мен іргелес мұсылман елдерге сүйенудін орнына қауіпсіздігін АҚШ арқылы орнатқылары келеді»,- деді.