Лариджани: Халықтың сайлауға жаппай қатысуы америкалықтардың барынша қысым тәсілін өзгертеді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы халықтың сайлауға жаппай қатысып, дұрыс таңдау жасау арқылы Мәжілістің тиімділігін арттыратынын айтып: "Халықтың сайлауға кеңінен қатысуы америкалықтардың барынша қысым тәсілін өзгертуге әсер етеді",-деді.
"Ұлт үйі" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Лариджани сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында америкалықтардың неге сайлауға көңіл аударып отырғанына тоқталып: "АҚШ халық сайлауға жаппай қатысса, елдің тиімділігі артатынын түсінді. Ал олар тиімділіктің азайғанын қалайды",-деді.
Лариджани америкалықтардың халықтың Мәжіліс сайлауына аз қатысуын көздеп отырғанын айтып: "Олар халыққа санкциялық қысымдарды арттыру үшін бұл мәселені құрал ретінде пайдаланғысы келеді",-деді.