Рухани: Санкциялар Теһран-солтүстік автожолының құрылысына әсерін тигізбеді
(last modified Tue, 25 Feb 2020 11:29:30 GMT )
Ақп 25, 2020 17:29 Asia/Almaty
  • Рухани: Санкциялар Теһран-солтүстік автожолының құрылысына әсерін тигізбеді

ИИР Президенті санкциялардың Теһран-солтүстік автожолының құрылысымен айналысқан инженерлер, жұмысшылар мен бұл жобаны басқарғандарға әсерін тигізбегенін қуаттады.

 

ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһран-солтүстік автожолының ашылу рәсімінде: «Бұл жол адамдардың өмірі мен бензиннің тұтынуын азайтуға маңызды саналатын жол уақытын бір жарым сағатқа қысқартады. Иран халқы қиындықтарына қарамастан АҚШ-тың залым санкцияларына бағынбады. Иран халқы дұшпанға жалынбайды және залым санкциялардың салдарынан көріп отырған қиындықтарына қарамастан, дұшпанды өкіндіреді»,- деді.

Хасан Рухани сондай-ақ Иранның кейбір қалаларындағы коронавирустың таарлуына тоқталып: «Бұл вирустан қорықпау керек, барлық басшылар оған қарсы шаралар қолдануға міндетті»,- деп қосты.