Зариф: Трамп Иранның ДАИШ-ке жиіркеніш білдіретінін мойындады
(last modified Wed, 26 Feb 2020 11:22:22 GMT )
Ақп 26, 2020 17:22 Asia/Almaty
  • Зариф: Трамп Иранның ДАИШ-ке жиіркеніш білдіретінін мойындады

Иран Сыртқы істер министрі Twitter-дегі жолдауында Трамптың америкалық күштердің Сирияда бұл елдің мұнайы үшін орналасуын және Иранның ДАИШ-ке жиіркеніш білдіретінін мойындағанын қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Twitter-де: «Дональд Трамп біз барлығымыз білетін нәрсені, яғни америкалық әскерилердің Сирияда бұл елдің мұнайын алу үшін қалғандарын мойындады»,- деді. Мұхаммад Джавад Зариф сондай-ақ Иранның ДАИШ-ке жиіркеніш білдіретініне және Сирия, Ресей мен Иранның ДАИШ-пен күресе алатынына тоқталды. Зариф: «АҚШ ДАИШ-ке қарсы күреспес түгілі, ДАИШ-тың бірінші дұшпаны сардар Солейманиді террор етті. Бұл террорды тек Трамп пен ДАИШ тойлады»,- деп жазды.

Трамп сейсенбі күні Үндістан Премьер-министрі Норендра Модимен кездесуінде АҚШ-тың әл-Қаида, ДАИШ және басқа лаңкестік топтарды жеңгені туралы уәжденіп: «Иран, Ресей мен Ирак елдері АҚШ сынды бұл топтармен күресулері керек»,- деді.