Иранда коронавирусқа шалдыққандардың саны 139 адамға жетті
Ақп 26, 2020 20:06 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігі бұл елде коронавирусқа шалдыққан адамдар санының 139 адамға жеткенін хабарлады.
Иран Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Киануш Жаһанпур сәрсенбі күні журналистердің алдында бұл елде коронавирустен 19 адамның өлгенін хабарлады.
Соңғы мәліметтер бойынша, осы кезге дейін әлем бойында коронавирусқа 81000-нан астам адам шалдығып, олардың 30000-нан астамы жазылды және 2700-ден артығы өлді.
Тегтер