Жұма күні Иранға коронавируспен күресуге қажетті алғашқы жүк келеді
https://itolqyn.com/news/iran-i45705
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Бүгін, жұма күні коронавируспен күресуге қажетті алғашқы жүк Қытай үкіметі мен Қызыл крест ұйымы тарапынан арнайы ұшақпен Иранға келеді»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 28, 2020 16:47 Asia/Almaty
  • Жұма күні Иранға коронавируспен күресуге қажетті алғашқы жүк келеді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Бүгін, жұма күні коронавируспен күресуге қажетті алғашқы жүк Қытай үкіметі мен Қызыл крест ұйымы тарапынан арнайы ұшақпен Иранға келеді»,-деді.

Сейіт Аббас Мусави Иран СІМ-ның коронавируспен күрес жолында Денсаулық сақтау министрлігіне көмектесу үшін жасап жатқан шараларын баяндап: «Дос елдер тарапынан ерікті көмектер алу қарастырылып жатыр. Келіссөздер біртіндеп нәтиже бере бастады. Осы салада Қытай үкіметі мен Қызыл крест ұйымы тарапынан Иранға жіберілетін алғашқы жүк шамамен 20 мың зерттеу құралы мен басқа да заттарды құрайды»,-деді.  

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранда коронавирус таралғаны расталғаннан кейін бұл ведомствоның Денсаулық сақтау министрлігінің жанында вируспен күрес штабын құрып, қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін күн тәртібіне қойғанын айтты.